Мектеп тарихы/История школы » Школа-гимназия 44
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп тарихы/История школы
27
наурыз
2014

Мектеп тарихы/История школы

 Алматы қаласы Түрксіб ауданы 

44 мектеп-гимназиясының тарих беттері...


1938 жылы соғысқа дейін халықаралық маңызы бар шағын әуе гарнизонында №44 мектептің бір қабатты ғимараты салынды. Мектеп ғимаратында үлкен терезелері бар 10 сынып бөлмесі мен спорттық жаттығулар,түрлі кештер, ата-аналар жиналыстары өтетін үлкен дәліз болды.

Мектептің алғашқы түлектері 1949 жылы түлеп ұшты. Олардың саны небәрі 11 оқушы болды. Ұлы Отан соғысы басталғанда бірінші директор Кудинов Иван Николаевичпен бірге жоғары сынып оқушыларының бір бөлігі (ол кезде кәмелеттік жасқа толған балалар көп болатын) өз еркімен майданға аттанды. Жеңіске жеткеннен кейін бәрі бірдей елге оралған жоқ. Жеңістің 25 жылдығына орай мектепте мектептің қаза болған оқушыларының есімдері жазылған ескерткіш тақта ілінді. Ол оқушылар: Жатчанов Пшан, Михин Вениамин, Скороходов Александр, Башкатов Василий, Лавриненко Павел, Евсюков Сергей, Полковников Аркадий.

Соғыс аяқталып, арада жылдар өтті. Соғыстан кейінгі ұрпақ дүниеге келіп, үлкен алма бағы қоршалған бір қабатты мектептің шағын, бірақ жайлы ғимаратына лық толы болды. Ал 1958 жылы мектепке жақын жерде 500 оқушыға есептелген жаңа  екі қабатты ғимарат салынды. 1990 жылға дейін екі ғимарат оқу процесін ұйымдастыру үшін қатар пайдаланылды. Жоғары сыныптар мен орта буын оқушылары жаңа ғимаратта білім алды. Ал бастауыш мектеп оқушылары ескі бір қабатты мектепте білім алды. Ең маңызды қызметкерлер: мұғалімдер мен мектеп басшылығы болды.

Ұжымда Ұлы Отан соғысының қатысушылары Москаленко Г.Т. (әдебиет пәнінің мұғалімі), Рысина В.В. (тарихшы), Бойко А.И. (жазушы), Недобега А.П. (тарихшы), Емельяненко К.П. (әскери нұсқаушы) қызмет етті. Сондай-ақ мектеп «Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған әріптестерін әрқашан есте сақтайды және олардфң еңбектерін бағалайды. Олар: Доморацкая Л.Н. (математика пәнінің 19 жыл мұғалімі), Нелюбина В.В. (биология пәнінің мұғалімі), Никонов А.В. (мектеп директоры), Данилов Г.И. (үй шаруашылығы мұғалімі), Грищук Л.Г (тарихшы).

Мектеп тек мектептің ғана емес, қоғамның да алдында тұрған күрделі міндеттерді шешуге мұғалімдерді ұйымдастыруда мол тәжірибе жинақтаған. Бұл жұмысты №44 мектеп директорлары жүргізіп, әрқайсысы мектеп жұмысына өз үлестерін қосты. 1939-1941 жылдары мектеп директоры (майданға аттанған) И.Н.Кудинов болды. 1944 жылға дейін педагогикалық ұжымның жұмысын тарихшы Георгий Романович Черепнин басқарды, соғыстан кейін Киев мектептерінің бірінде директор болып жұмыс істеді. 1994 жылы қайтыс болды.

1944-1945 жылдары Александр Федорович Белоконь директор болды, кейін оның орнына Иван Васильевич Николаев пен Николай Васильевич Дроткин (соғысқа қатысушы) тағайындалды. Соғыстан кейінгі 1950 жылға дейін №44 мектептің директоры Дмитрий Александрович Ладода болды, оның орнына 10 жылға жуық әуежайдағы жалғыз мектепті басқарған Дмитрий Акинович Лунюшкин тағайындалды. Ол білімі жоғары, зерделі, ерік-жігері қайратты, мектеп үшін көп еңбек сіңірді. 

Әуежайдың ұшу бөлімдерімен меценаттық байланысты нығайтты. Оның тұсында жаңа мектеп ғимараты салынып бастады. Оның құрылысын мектептің жаңа директоры Иванцов Александр Васильевич аяқтады. Оның тұсында алғаш рет графикалық жоспарлау енгізілді, бұл бүкіл оқу процесін, барлық пәндер бойынша нәтижені көруге мүмкіндік берді. 

1967 жылы (Иванцовтар отбасының Ульяновск қаласына көшуіне байланысты) мектеп жұмысын Никонов Александр Васильевич басқарды. Оның тұсында мектептің әдістемелік жұмысы биікке көтерілді, директордың орынбасары Роткина К.Я. мектептің гүлденуі үшін жылдар бойы қызмет етті. Мектептің ұстаздары  70, 80-жылдары республика, қала, аудандар бойынша танымал бола бастады. Ол ұстаздар: Сейфуллина С.М. (әдебиет пәнінің мұғалімі), В.И.Седачева (математик), З.А.Княжевская (география пәнінің мұғалімі), В.Д.Березовская (қызметтік еңбек мұғалімі), Супрун Т.В.(әдебиет мұғалімі), Заборцева Е.Г.(математик), Дубинина Н.А., Панкротаво М.Я. , Беренева Г.М. (бастауыш сынып мұғалімдері), Усач Л.М. (математика пәнінің мұғалімі), Доморацкая Л.Н. (математика пәнінің мұғалімі).

Көптеген жаңашыл ұстаздар түрлі байқауларға, көрмелерге қатысқаны үшін «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО халық ағарту ісінің үздігі» құрмет белгілерімен, грамоталармен, сыйлықтармен марапатталды. Оқытушы Кушнеренко Н.Е. сызу пәнінің мұғалімдеріне арналған авторлық әдістемелік құрал шығарды. Практикалық зерттеулер негізінде экологиялық мәселелер жинағы шығарылды. Оның авторлары химия пәнінің мұғалімі Прилепин Л.В. және физика мұғалімі Кулик С.М. еді. Сонымен қатар біздің «Космос» интернационалдық достық клубын қала мен республикада ғана емес, шетелден де білетін. Оның жұмысын Малеева В.И., кейінірек Бородина Л.А. басқарды. 

Жеңістің 25 жылдығынан бастап осы уақытқа дейінгі барлық жылдар аралығында «Жеңіс күні» құрметіне орай  мерекені салтанатты түрде атап өту дәстүрге айналды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы мәліметтер жинақталып, іздестіру жұмыстары атқарылып,  ардагерлер жайлы ақпараттар кітаптарға шығарылды. Әуежай мәдениет үйімен шығармашылық байланыс, әуежай ұйымымен меценаттық байланыс күні бүгінге дейін жалғасуда.


1989 жылдың аяғында жаңа директор Булатова Л.Ю. №44 мектептің үшінші ғимаратының, дәлірек айтсақ, заманауи талаптарға сай мектеп кешенінің жобасын бекітті. 1990 жылдың мамыр айынан осы уақытқа дейін мектепке «№44 мектеп-гимназия» мәртебесі берілді. Бірінші салынған бір қабатты ғимаратты 1938 жылы бұзу туралы шешім қабылданды. Көптеген ұстаздар қауымы үшін туған үйіндей болып саналатын берік ғимараттың қалай қиратылғанын көру оңайға соққан жоқ. Сол сәттерде жаңа мектептің ұзақ мерзімді құрылыс нысаны болатынын кім білген?!

1992 жылы Булатова Л.Ю. аудан әкімшілігіне жаңа қызметке ауысты. 2001 жылға дейін жаңа директор болып Румянцева Н.Е. тағайындалды. Бұл кісінің басшылығы кезінде көз алдымызда жаңа мектеп бой көтеріп, оқушыларды, мұғалімдерді және әуежай тұрғындарын қуантты. 

Осы уақытқа дейін мектеп ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Білім сапасы артып, балалар түрлі ғылыми жобаларға бар ынталарымен қатысып, біршама жетістіктерге жетті. Мамыр айында мектепте көп жылдар бойы ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіліп, оларға қатысу құқығы үшін оқушылар мен ұстаздар арасында байқау өткізіліп тұрды. Мектеп тамаша, бай ақпараттық ортаға ие. Жалпы мектепішілік іс-шаралар, кездесулер, оқушылар конференциялары, ата-аналар жиналыстары қызықты әрі мазмұнды түрде өткізіледі.

1999 жылы 27 ақпанда мектеп 60 жылдық мерейтойын атап өтті. Әуежайдың мәдениет үйіне әр жылғы түлектер жиналды. Олар білім алған мектеп ұжымына өздерінің жетістіктері туралы баяндады. 1950, 1960, 1970, 1980, 1990 жылдардың түлектері ұстаздарының сіңірген орасан зор еңбегі үшін алғыс айтты. Мектеп ұжымы  әртүрлі салаларда еңбек етіп жүрген 4000 түлектің  жаңа өмірге қадам басуына ықпал жасады.

1000-нан астам мектеп түлегі өз тағдырын авиация саласымен байланыстырды. 300-ден астам түлек ұшу мамандығын игерді. Түлектердің басым бөлігі авиациялық техникалық базаның инженері, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі техник, әуежай қызметкерлері атанды. Педагогикалық қызметті таңдаған түлектер мектеп ұстаздар ұжымының ерекше мақтанышы болып табылады. Мектептің түлектері алтын ұя мектебімізге жұмысқа орналасып, №44 мектепте педагогикалық қызмет атқарды. Бұл үрдіс әлі күнге дейін жалғасын табуда. Атап айтсақ, Калганова В.С. (неміс тілінің мұғалімі), Селукина З.С. (физика пәнінің мұғалімі), Никулина В.В. (әдебиет пәнінің мұғалімі), Сигитова З.С. (ағылшын тілі пәнінің мұғалімі).

Мектептің 70 жылдық мерейтойына қарсаңында ұстаздар қауымы мектеп ұстаздарының алдыңғы буындарының дәстүрін жалғастыруда. Олар үнемі ізденіс үстінде, оқыту үрдісінде жаңашылдықты басшылыққа алады. Бүгінде мектеп түлектері тату-тәтті отбасы болып өмір сүріп жатыр. 

№44 мектепте ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған мұғалімдерді атап өтсек: Потокина Р.С. (50 жыл, география мұғалімі), Калганов Д.В. (47 жыл, неміс тілі мұғалімі), Маруева И.Н. (41 жыл, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі), Зайцева Е.Е. (30 жыл, сурет мұғалімі), Захарченко Г.Ф. (30 жыл, бастауыш сынып мұғалімі), Банкс А.И. (32 жыл, мектеп хатшысы), Трибушная Л.А. (20 жыл, биология мұғалімі), Коновалова Г.Н. (20 жыл, бастауыш сынып мұғалімі), Никулина В.В. (25 жыл, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі), Румянцев А.А. (32 жыл, дене шынықтыру мұғалімі).

Оқушылардың 2005-2006 жж. аудандық, қалалық олимпиадалардағы жеңістері орасан еңбектерінің нәтижесі. Мектеп оқушылары Гуламова Г., Шамычкова О. қазақ тілі мен орыс тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды. Мектеп оқушылары «Дарын» ғылыми жобаларында, Кіші Ғылым Академиясының мақтау қағаздарымен, жүлделі орындарымен марапатталып, ерекшеленеді.

Өткен жылдардың эстафетасын қолға алған ұстаздар ұжымы оны одан әрі жалғастырып, дәстүрлі білім беру жүйесінен дамыта оқытуға, оқушыға бағдарланған оқытуға көшпек.















Страницы истории школы-гимназии №44

Турксибского района города Алматы

В маленьком авиагарнизоне , которому через десятки лет доведется воздушным портом международного значения, в довоенном 1938 г. Было выстроено одноэтажное здание школы №44. В помещении было 10 классных комнат с большими окнами, огромным коридором, который служил и спортзалом, и местом проведения вечеров, родительских собраний выборов.

Своих первых выпускников школа выпустила в 1949 г. Их было всего 11 человек. Когда началась Великая отечественная Война часть учащихся старших классов (тогда было много детей переростков) добровольно ушла на фронт вместе с первым директором Кудиновым Иваном Николаевичем. Вернулись после победы не все.

В честь 25-летия Победы торжественно на общешкольный линейке была прикреплена на вечно мемориальная доска с именами погибших учащихся школы: ЖатчановымПшаном , Михиным Вениамином, Скороходовым Александром, Башкатовым Василием, Лавриненко Павлом, Евсюковым Сергеем, Полковниковым Аркадием.
Отгремели бои, шли годы, рождались послевоенное поколение и уже было тесно в маленьком, но уютном здании одноэтажной школы, которую окружал огромный яблоневый сад. И в 1958 году рядом было выстроено новое типовое двухэтажное здание, рассчитанное на 500 ученических мест.
До 1990 года оба здания использовались для организации учебно-воспитательного процесса: старшие классы и среднее звено занимались в новом здании, а начальная школа размещались в старой одноэтажной школе. Но самым главным живым организмом были учителя и руководство школы.
В коллективе трудились участники Великой Отечественной войны Москаленко Г.Т. (учитель литературы), Рысина В.В (историк), Бойко А.И (литератор), Недобега А.П. (историк), Емельяненко К.П (военрук). А также школа всегда помнила и ценила своих коллег, награжденных медалями <<За доблестный труд в Великой Отечественной войне>> - Доморацкую Л.Н (математика и завуча школы в течение 19 лет), Нелюбину В.В (биолога), Никонова А.В (директора школы), Данилову Г.И. (преподавателя домоводства), Грищук Л.Г (историка).
Школой накоплен огромный опыт организации педагогов на решение сложнейших задач, стоящих не только перед школой, но и перед обществом . Эту работу выполняли директора школы №44, каждый из которых внес свою лепту в работу школы. С 1939 года по 1941 год директором школы был Кудинов И.Н (ушел на фронт). До 1944 года работу педколлектива возглавлял Черепнин Георгий Романович, историк , после войны работал директором в одной из киевских школ. Умер в 1994 году. С 1944 по 1945 год директором был Белоконь Александр Федорович, потом его сменили Николаев Иван Васильевич и Дроткин Николай Васильевич (участник войны). В послевоенные годы до 1950 года директором школы №44 был Ладода Дмитрий Александрович , которого сменил Лунюшкин Дмитрий Акинович, почти 10 лет возглавлявший единственный в аэропорту школы. Высокообразованный, умный , волевой, он много сделал для школы. Укрепил.
Шефские связи с аэропортом летными отделами. При нем было заложено новое здание школы, но достраивал её новый директор Иванцов Александр Васильевич директор-новатор, впервые при нем было внедрено графическое планирование которые позволяло посмотреть весь учебный процесс по всем предметам.
В 1967 году (в связи с переездом семьи Иванцовых в Ульяновск), работу школы возглавил Никонов Александр Васильевич. При нем на большую высоту было поставлено методическая работа школы, много лет возглавлявшийся завучем школы Роткиной К.Я. Школа была известно в городе, районе республике учителями-новаторами в 70-е, 80-е годы были Сейфуллина С.М. (учитель литературы), Седачева В.И (математик), Княжевская З.А (учитель географии), Березовская В.Д (учитель обслуживающего труда). Супрун Т.В (учитель литературы), Заборцева Е.Г (математик), Дубинина Н.А , Панкротаво М.Я. , Беренева Г.М. (учитель начальной школы), Усач Л.М. (математик), Доморацкая Л.Н (математик).

Многие учителя новаторских труд награждались почетными знаками << Отличник народного просвещения Каз.ССР>> ,<< Отличник народного образования СССР>>, грамотами , дипломами , призами за участие в смотра, конкурсах , выставках. Учитель Кушнеренко Н.Е. выпустил авторской пособие для учителей черчения, на базе практических исследований был издан сборник экологических задач авторами которого стали учителя химий Прилепина Л.В и учитель физики Кулик С.М. знали наш клуб интернациональной дружбы <<Космос>> не только в городе и республике но из за рубежом. Возглавляла его работу Малеева В.И. , и позже Бородина Л.А. с 1970 года, с 25-летием Победы, все годы и по настоящие время стали традиционными праздниками в честь дня Победы, работают поисковые группы, собраны и оформлены в Книги сведение о ветеранах Великой Отечественной войны. Продолжается творческие связи с ДК аэропорта шефские связи с организациями аэропорта.

В конце 1989г. При новом директоре Булатовой Л.Ю. был утвержден проект уже третьего здания школы №44, вернее школьного комплекса, отвечающего самым современным требованиям. К этому времени школе был присвоен статус школы-гимназии №44. В мае месяце 1990г. Было принято решение о сносе первого одноэтажного здания 1938 года. Жалко было смотреть, как пошло на слом добротное здание, которое для многих учителей было родным, было домом, где прошли лучшие годы молодой для нормальной организации учебно-воспитательного процесса. Но кто бы знал, что новая школа станет долгостроем?

В связи с переходом директора Булатовой Л.Ю. на работу в районную администрацию, новым директором была назначена в 1992г Румянцева Н.Е. В 2001г. Все это подвергалось разрушению. Буквально на глазах росла новая школа, радуя учащихся, педагогов и жителей аэропорта.

И вот, наконец, 30 декабря 2004г был выручен символический ключ строителями директору Румянцевой Н.Е.

К этому времени школа добились ощутимых успехов – выросло качество знаний, увлеченно ребята стали заниматься научными проектами. Много лет в мае месяце проводятся в школе научно –практические конференции, за право в них участвовать идет соревнование между учащимися и учителями. Школа получила прекрасный информационный центр, интересными и содержательными стали общешкольные мероприятия, встречи, читательские конференции, родительские собрания.

27 февраля 1999г школа отметила свое 60- летие. В Доме Культуры аэропорта собрались выпускники разных лет. Они рапортовали своей родной школе о своих достижениях, благодарили за тот огромный труд, что был отдан им учителями разных поколений – 50-х, 60-х, 70-х, 80-х, 90-х годов. Школа дала путевку в жизнь 4000 выпускником, которые трудятся в разных сферах человеческой деятельности.

Из ни более 1000 связали свою судьбу с авиацией. Более 300 уч-ся овладели летной профессией, многие стали инженерами авиационно-технической базы, техниками по обслуживанию самолетов, служащими аэропорта. Особую гордость коллектива учителей школы составляют питомцы, избравшие педагогический труд. В разные годы в школе №44 трудились и трудятся бывшие выпускники школы: Калганова В.С. (нем. язык), Селукина З.С. (физик), Никулина В.В.(литература), Сигитова З.С (англ. язык).

Приближаясь к своей 70-летней годовщине, педагогический коллектив несет традиции предыдущих поколений педагогов школы. Он всегда в поиске нового передового в педагогическом процессе. С особым почтением в алматиском аэропорту теперь уже разросшимся, ставшим международным, где дружной семьей живет много поколений питомцев школы, где всех знают , а особенно к учителя, давшим путевку в жизнь почти каждому второму жителю авиагорнизона относятся с особым почтением и уважением. В школе №44 трудятся учителя по многу лет : Потокина Р.С. (50лет, учитель географии), Калганов Д.В. (47 лет, учитель немецкого языка), Маруева И.Н. (41 год, учитель русского языка и литературы), Зайцева Е.Е. (30 лет, учитель рисования), Захарченко Г.Ф. (30лет, учительница начальных классов), Бенкс А.И. (32 года, секретарь школы), Трибушная Л.А. (20 лет, учитель биологии), Коновалова Г.Н. (20 лет, начальная школа), Никулина В.В. ( 25 лет, учитель русского языка и литературы ), Румянцев А.А. (32 года, учитель физкультуры). Подходят к работе, результатом их работы являются победы учащихся на районных, городских олимпиадах, В 2005 -2006гг. ученицы школы Гуламова Г., и Шамычкова О. завоевали на республиканской олимпиаде по казахскому языку и по русскому языку и литературе призовые места. Учащиеся школы отличаются грамотами и почетными местами в научных проектах «Дарын», на Малой академии наук.

Коллектив педагогов, принимая эстафету прошлых лет, понесет ее дальше переходя от традиционной системы обучения к развивающему обучению, учитывая личностно ориентированные обучение учащихся.




Похожие публикации: