Түркістан қаласында «Бәрі билейді!» атты Халықаралық би байқауы өтті.
Түркістан қаласында «Бәрі билейді!» атты Халықаралық би байқауы өтті. Аталған байқауда №44 мектеп-гимназиясының 1 «А» сынып оқушысы Пучкова Амелия “Cardinal” би студиясының ұжымымен бірге өнер көрсетіп, 4–8 жас аралығындағы жас санатында екі бірдей бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, олардың ұжымы қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды — ең жарқын әрі тақырыпқа сай образдары үшін. Амелияны және “Cardinal” би ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!