9–11 сынып оқушылары арасында баскетболдан турнир
30 қаңтар күні, 9–11 сынып оқушылары арасында баскетболдан турнир өтті. Жарысқа 5 команда қатысты: 11 сынып құрама командасы, 10 «Д», 10 «Б», 9 «Е» және 9 «Г» сыныптары. Ойындар тартысты әрі жоғары деңгейде өтті. Әр команда финалға шығу үшін бар күшін салды. Финалда 9 «Г» пен 10 «Б» сыныптарының командалары кездесті. 17:9 есебімен 9 «Г» сыныбы жеңіске жетіп, І орынды иеленді. ІІ орын — 10 «Б» сыныбына бұйырды. ІІІ орын үшін өткен ойында 11 сынып командасы 9 «Е»-ні 24:21 есебімен жеңді.