«Қамқор» жобасы аясында өткен қайырымдылық акциясына қатысты
Мектеп оқушылары мен мұғалімдері «Қамқор» жобасы аясында өткен қайырымдылық акциясына қатысты 💫 Жұма күні ұйымдастырылған іс-шара барысында жиналған қаражатқа қажетті азық-түлік өнімдері сатып алынып, табысталды. Бұл іс-шара жақсылықтың кішкентай қадамдардан басталатынын және бірлік болса, үлкен игі істер атқаруға болатынын көрсетеді 🤝 📌 Іс-шараны ұйымдастырған қазақ тілі пәні мұғалімдері Марал Жанибековна және Айгерим Елтаевна. Ізгі бастамаларыңыз бен үлгілеріңіз үшін алғыс білдіреміз ❤️