Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бауыржан Момышұлының ерлігін ардақтауға арналған маңызды іс-шара
10
желтоқсан
2024

Бауыржан Момышұлының ерлігін ардақтауға арналған маңызды іс-шара

10 желтоқсан күні  №44 мектеп-гимназияда  Бауыржан Момышұлының ерлігін ардақтауға арналған маңызды іс-шара өтті. Бұл шара Кеңес Одағының батыры, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, панфиловшы, жазушы Бауыржан Момышұлының туған күніне орай ұйымдастырылды.

Бүгінгі іс-шарада Бауыржан Момышұлының майдандағы ерлігі мен батылдығы туралы естеліктер айтылды. Іс-шараға Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері мен Түрксіб аудан мектеп директорларының  тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Іс-шараны Алматы қаласының   №44 мектеп-гимназиясының  Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Гузь А.Ю. ұйымдастырды. Бүгінгі тәрбиесі зор іс-шара үшін алғыс білдіреміз!