11
ақпан
2025
Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен іс-шара
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай 11 ақпанда №44 мектеп-гимназиясында осы қиын кезеңнен өткендерді еске алу мақсатымен Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен маңызды іс-шара өтті. Ауған ардагерлері: Ашимов Рехимжан Бахрымович, Семенов Александр Тимофеевич, Исаев Абдулла Исаевич, Скоробогатов Александр Викторович. Кездесу кешінің тақырыбы - "Афганистан болит в моей душе". Совет әскерлерінің Ауғаннын шығару күніне байланысты ардагерлер әлі де бастан кешіп жатқан терең сезімдерді көрсетті.
10-11 сынып оқушылары шығармашылық қойылымдарымен қуантып, белсенділік танытты. 8 б сыныбы қонақтарға қызықты сұрақтар қойып, ал 2 Ә және 3 Ә сынып оқушылары шын жүректен ән шырқады .Әсіресе, "Altyn girls" триосы мен "Эдельвейс" би ансамблінің қойылымдары осындай маңызды тақырыпты мәдени тұрғыдан жеткізудің тамаша жолы болды.
Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен өткен бұл кездесу өткен қиын кезеңдерді еске алу мен қазіргі ұрпаққа сол оқиғаларды түсіндіру мақсатында маңызды болды. Ардагерлердің өздерінің сұхбаттарында терең сезімдерін білдіруі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін көрсеткені, сондай-ақ мәдени бағдарлама — бәрі бұл іс-шараны ерекше әрі әсерлі етіп, қатысушыларға бірегей тәжірибе сыйлады.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б. Т. Абдигалиева мен АӘД мұғалімі А.Ю. Гузьдің атқарған еңбегі де өте бағаланды. Мұндай іс-шаралар жастарға тарихты құрметтеуді, ардагерлердің ерлігін бағалауды үйретеді.