28
ақпан
2025
«Тілдік портфель» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен «Алғыс айту» күніне арналған мерекелік іс-шара
Бүгін мектеп-гимназиямызда «Тілдік портфель» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен «Алғыс айту» күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Шараның мақсаты – оқушыларға алғыс айтудың маңыздылығын түсіндіріп, мейірімділік пен ризашылық құндылықтарын дәріптеу. Ұлттық дәстүрлер мен қазақ халқының қонақжайлығы таныстырылып, оқушылар мен ұстаздар шынайы алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, әсерлі әндер мен тағылымды көріністер көрсетілді. Бұл мереке бірлік пен татулықты, үлкенге құрмет пен кішіге ізетті насихаттады. Шығармашылық топқа сәттілік!

