17
сәуір
2025
2 “Ә” сыныбында “Отбасылық бақыттың негізі - отбасылық құндылықтар” тақырыбында ата-аналар жиналысы
Бүгін 2 “Ә” сыныбында “Отбасылық бақыттың негізі - отбасылық құндылықтар” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталып, қызықты әрі әсерлі форматта болды. Балалар ата-аналарына сұрақтарын хат арқылы жолдап, ата-аналар өз жауаптарын “Жауап бер” ойыны арқылы берді.
Содан кейін додекаэдр әдісімен “Асық ойыны” ұйымдастырылып, түрлі түсті асықтарға сәйкес ата-аналар отбасы, тәрбие және құндылықтарға байланысты сұрақтарға жауап берді. Мұғалім үшінші тоқсанның қорытындысымен таныстырып, балалардың қауіпсіздігі (суда шомылу, терезе қауіпсіздігі) және гаджеттердің зияны туралы маңызды ақпарат берді. Жиналыс тәрбиелік мәні зор, мазмұнды әрі әсерлі өтті!
2 “Ә” сынып жетекшісі Жумаева Кандэф Мугдетовна.