Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Болашақ білімі: адал азамат – білікті маман» атты қалалық тамыз конференциясы
19
тамыз
2025

«Болашақ білімі: адал азамат – білікті маман» атты қалалық тамыз конференциясы

Алматы қаласында «Болашақ білімі: адал азамат – білікті маман» атты қалалық тамыз конференциясы өтті. Шараға білім беру саласының қызметкерлері, қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысты. Біздің педагогтар да өз үлесін қосты. Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды конференцияға қатысушыларды құттықтап, жаңа оқу жылының басталуымен ұстаздарды мерекеледі. Сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғанын атап өтті. 🌍 Конференция барысында білім берудің болашағы, жаңа экономика үшін кадрлар даярлау, STEM/STEAM интеграциясы, оқушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық саулығы, инклюзивті және толерантты білім беруді дамыту мәселелері талқыланды. Шара соңында үздік педагогтар мен білім беру ұйымдары марапатталды. 🏅

В Алматы состоялась городская августовская конференция «Образование будущего: честный гражданин – компетентный профессионал».
Мероприятие объединило работников образования, казахстанских и международных экспертов. Наши педагоги тоже приняли участие. Аким города Алматы Дархан Сатыбалды поприветствовал участников и поздравил педагогов с началом нового учебного года. Он отметил, что по инициативе Главы государства 2025 год объявлен Годом рабочих профессий, и в этом направлении ведется масштабная работа. 🌍 В рамках конференции обсудили будущее образования, подготовку кадров для новой экономики, интеграцию STEM/STEAM, вопросы безопасности и психологического здоровья школьников, а также развитие инклюзивного и толерантного обучения. В завершение лучшим педагогам и образовательным организациям были вручены заслуженные награды. 🏅