Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 4 ”ә” сыныбына “Дұрыс тамақтану” атты ашық сабағы өтті
23
қаңтар
2026

4 ”ә” сыныбына “Дұрыс тамақтану” атты ашық сабағы өтті

4 ”ә” сыныбына “Дұрыс тамақтану” атты ашық сабағы өтті. Ашық сабақтың мақсаты оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіру, салауатты өмір салтына баулу, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету, денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері: Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін кеңейту;    - Пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білу дағдыларын дамыту;    - Тамақтану тәртібін сақтау қажеттілігін түсіндіру;    - Денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;    - Өзін-өзі күту және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Сабақ соңында оқушылар дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаларын меңгеріп, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата алады, өз денсаулығына саналы түрде жауапкершілікпен қарауды үйренеді.
Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, жазбаша ойын әдістері, ауызша топтық жұмыс, көрнекі құралдармен жұмыс, сергіту сәті, ситуациялық тапсырмалар.
Тәрбиелік мәні: Оқушылардың денсаулықты сақтау, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру арқылы олардың физикалық, психологиялық және әлеуметтік дамуына оң ықпал ету.