Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Цифрлық дәуірдегі қазақ тілі: жасанды интеллект пен білім беру интеграциясы» тақырыбында қалалық семинар аясында ашық сабақ өткізілді.
20
ақпан
2026

«Цифрлық дәуірдегі қазақ тілі: жасанды интеллект пен білім беру интеграциясы» тақырыбында қалалық семинар аясында ашық сабақ өткізілді.

20 ақпан күні №44 мектеп-гимназия қабырғасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Цифрлық дәуірдегі қазақ тілі: жасанды интеллект пен білім беру интеграциясы» тақырыбында қалалық семинар аясында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақ 8 «Г» сыныбында Абдрахманова Н.Н. жетекшілігімен ұйымдастырылып, қазақтың лиро-эпостық жыры – Қозы Көрпеш – Баян сұлу тақырыбына арналды. Сабақ барысында заманауи цифрлық платформалар мен жасанды интеллект құралдары тиімді қолданылып, оқушылардың білімін тереңдетуге бағытталған әдіс-тәсілдер көрсетілді. Білім алушылар жыр мазмұнымен жан-жақты танысып, кейіпкерлер бейнесіне талдау жасап, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашты, көркемдік ерекшеліктерін саралады.
Түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни ойлау, талдау, салыстыру және пікір айту дағдылары дамытылды. Олар белсенділік танытып, өз ойларын дәлелдермен жеткізе білді. Сабақ мазмұнды, жаңашыл әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, семинар қатысушылары тарапынан оң бағасын алды.