Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 3 «Ә» сыныбында математика пәнінен ашық сабақ
04
наурыз
2026

3 «Ә» сыныбында математика пәнінен ашық сабақ

Кеше 3 «Ә» сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақты бастауыш сынып мұғалімі Жумаева К. М. өткізді.
Сабақтың тақырыбы: «Разрядтан екі рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі». Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолданылды. Оқушылар ЖИ арқылы есептердің жауабын тексеріп, «Самұрық құс» әдісі арқылы математикалық фокус орындады. Өзін-өзі бағалау жүргізіліп, дескриптор арқылы өздеріне әділ баға қойды.
Оқушылар тапсырмаларды өте жақсы орындап, белсенділік танытты. Сабақ методикалық тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына толық жетті.

Вчера в 3 «Ә» классе прошёл открытый урок по математике. Урок провела учитель начальных классов Жумаева К. М..
Тема урока: «Алгоритм письменного умножения и деления с двукратным переходом через разряд». На уроке были использованы различные эффективные методы и приёмы. Ученики проверяли ответы с помощью ИИ, выполнили математический фокус методом «Самұрық құс». Проведено самооценивание — учащиеся выставляли себе оценки по дескрипторам. Дети отлично справились с заданиями и показали хорошие результаты. Урок был проведён на высоком методическом уровне и полностью достиг поставленных целей.