Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХХІ республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қатысушылары
05
наурыз
2026

ХХІ республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қатысушылары

ХХІ республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қатысушыларын құрметпен қарсы алдық!
Мектебіміздің мақтаныштары – 3 «Ә» сынып оқушылары Бейсенбай Арай мен Тұрағалды Едіге! 👏  Сіздерді республикалық ғылыми конкурсқа қатысуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл байқау – білім мен ізденістің, талпыныс пен табандылықтың үлкен мектебі. Сіздер өз еңбектеріңізді республика деңгейінде қорғап, мектебіміздің абыройын асқақтаттыңыздар. Ғылыми жоба дайындау – үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Сіздер осы жолда білімдеріңізді, шығармашылық қабілеттеріңізді және зерттеушілік дағдыларыңызды көрсете білдіңіздер. Сіздердің жетістіктеріңіз – мектебіміз үшін зор мақтаныш! Бұл қадам болашақ үлкен табыстардың бастауы болсын! Алдағы уақытта да ғылым мен білім жолында биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз.  Ізденістеріңіз табысты, еңбектеріңіз жемісті болсын! 🌟 

✨ Мы с гордостью встретили участников ХХІ Республиканского конкурса исследовательских проектов и творческих работ «Зерде»! Гордость нашей школы – ученики 3 «Ә» класса Бейсенбай Арай и Тұрағалды Едіге! 👏 От всей души поздравляем вас с участием в республиканском научном конкурсе! Этот конкурс – большая школа знаний, стремления и упорства. Вы достойно защитили свои проекты на республиканском уровне и прославили нашу школу. Подготовка научного проекта требует ответственности и большого труда. Вы продемонстрировали свои знания, творческие способности и исследовательские навыки. Ваш успех – огромная гордость для всей школы! Пусть это достижение станет началом больших побед! Желаем вам новых высот в науке и образовании! 🌟 
#Зерде2026 #РеспубликалықБайқау #ҒылымиЖоба #МектепМақтанышы #ЖасЗерттеуші