Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білімім — Отаныма» атты соңғы қоңырау салтанаты
25
мамыр
2026

«Білімім — Отаныма» атты соңғы қоңырау салтанаты

«Білімім — Отаныма» атты соңғы қоңырау салтанаты 🎓

25 мамыр күні №44 мектеп-гимназиясында мектеп бітіруші түлектерге арналған соңғы қоңырау мерекесі өтті. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Туы шығарылып, Әнұран орындалуымен басталды. Мерекелік жиынға білім саласының ардагерлері шақырылып, түлектерге ақ тілектерін арнады. Мектеп директоры Мусагулова С.Б. бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді. 2026 жылғы түлектер есте қалар ерекше кеш сыйлады. Биылғы мерекенің көркіне айналған ұшақ макеті түлектердің ата-аналарының өз қолдарымен жасалып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, 11-сынып жетекшілері өз түлектеріне арнап ән орындап, әсерлі сәттер сыйлады. Мектеп вальсі мен ұстаздар вальсі мерекенің сәнін келтіріп, түлектер үлкен өмірге қадам басты. Ақ жол, жас түлектер! Болашақтарың жарқын болсын! ✨

Праздник последнего звонка «Білімім — Отаныма» 🎓

25 мая в школе-гимназии №44 состоялся праздник Последнего звонка для выпускников школы. Торжественная линейка началась с выноса Государственного флага Республики Казахстан и исполнения Гимна РК. На мероприятие были приглашены ветераны образования, которые выступили с напутственными словами для выпускников. С поздравительной речью выступила директор школы-гимназии Мусагулова С.Б. Выпуск 2026 года надолго останется в памяти школы. Особым украшением линейки стала реконструкция самолета, созданная своими руками родителями выпускников. Классные руководители 11-х классов посвятили своим ученикам трогательную песню. Украшением праздника стали школьный вальс и вальс с учителями, а выпускники сделали свой первый шаг во взрослую жизнь. В добрый путь, выпускники! Пусть ваши мечты обязательно сбудутся! ✨