Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қауіпсіздік ережелеріне арналған түсіндіру жұмыстары мен әңгімелер
05
маусым
2026

Қауіпсіздік ережелеріне арналған түсіндіру жұмыстары мен әңгімелер

№44 мектеп-гимназиясының «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде балалардың қауіпсіздігі әрдайым басты назарда. Лагерьде қызықты ойындар, спорттық және танымдық іс-шаралармен қатар, тәрбиеленушілермен қауіпсіздік ережелеріне арналған түсіндіру жұмыстары мен әңгімелер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бүгін тәрбиешілер балаларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын еске салып, жол қозғалысы ережелерін қайталады. Оқушылар жолдан дұрыс өту, көшеде өзін ұстау мәдениеті, қоғамдық орындардағы тәртіп және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы маңызды мәліметтер алды.

Қауіпсіздік – әр баланың жарқын әрі көңілді демалысының кепілі!

В пришкольном лагере «Балдәурен» школы-гимназии №44 безопасность детей всегда остается на первом месте. Помимо развлекательных, спортивных и познавательных мероприятий, с воспитанниками регулярно проводятся беседы и занятия, направленные на формирование культуры безопасного поведения. Сегодня воспитатели напомнили ребятам о правилах безопасного времяпрепровождения во время летних каникул, а также повторили основные Правила дорожного движения. Дети вспомнили, как правильно переходить проезжую часть, почему важно быть внимательными на дороге, соблюдать правила поведения в общественных местах и бережно относиться к своему здоровью и жизни.

Лето должно быть не только веселым, но и безопасным!