Мектеп жанындағы лагерінің жабылуы/Закрытие пришкольного лагеря
№44 МГ КММ "Балдәурен" мектеп жанындағы лагерінде екінші ауысымның жабылу күні келді. Біздің лагерь 2024 жылдың 25 мамырынан 6 маусымына дейін жұмыс істеді, онда әр түрлі жастағы 350 бала демалды.Лагерьдегі барлық ауысым Көңілді, қарбалас болды, күн сайын қызықты оқиғалар мен іс-шараларға толы болды. Мектеп жанындағы лагерьде өткізген уақыт ішінде балалар достасуды, бір-бірін құрметтеуді, достықты бағалауды үйренді. Барлық тәрбие жұмыстары жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес жүргізілді.