Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында танымдық іс-шара
08
маусым
2026
«Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында танымдық іс-шара
«Балдәурен» мектеп жанындағы лагерінде «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында танымдық іс-шара өтті. Іс-шара барысында балалар тақырыпқа арналған фильм көріп, кейін тәрбие сағатына қатысты. Әңгімелесу кезінде оқушылар әкенің отбасындағы орны, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, қамқорлығы мен қолдауы туралы өз ойларын ортаға салды. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың отбасылық құндылықтарды қадірлеуіне, ата-аналарға деген құрмет пен сыйластық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Отбасы –
«Балдәурен» мектеп лагерінде ерекше көңілді күн
08
маусым
2026
«Балдәурен» мектеп лагерінде ерекше көңілді күн
Бүгін «Балдәурен» мектеп жанындағы лагерінде ерекше көңілді күн өтті! Балалар арнайы шақырылған сиқыршының қызықты өнерін тамашалады. Түрлі таңғажайып фокустар мен сиқырлы қойылымдар бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, таңданысқа толы әсер қалдырды. Оқушылар сиқыр әлеміне саяхат жасап, белсенді қатысып, ерекше сәттердің куәсі болды. Күлкі мен қуанышқа толы бұл кездесу балалардың жазғы демалысын одан әрі қызықты ете түсті. Балалардың шат күлкісі мен жарқын эмоциялары – іс-шарамыздың басты
Қауіпсіздік ережелеріне арналған түсіндіру жұмыстары мен әңгімелер
05
маусым
2026
Қауіпсіздік ережелеріне арналған түсіндіру жұмыстары мен әңгімелер
№44 мектеп-гимназиясының «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде балалардың қауіпсіздігі әрдайым басты назарда. Лагерьде қызықты ойындар, спорттық және танымдық іс-шаралармен қатар, тәрбиеленушілермен қауіпсіздік ережелеріне арналған түсіндіру жұмыстары мен әңгімелер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бүгін тәрбиешілер балаларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын еске салып, жол қозғалысы ережелерін қайталады. Оқушылар жолдан дұрыс өту, көшеде өзін ұстау мәдениеті, қоғамдық
Балаларды қорғау күніне орай шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды
05
маусым
2026
Балаларды қорғау күніне орай шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды
№44 мектеп-гимназиясының «Балдәурен» жазғы лагерінде «Бәйтерек» тобы Балаларды қорғау күніне орай шығармашылық жұмыс ұйымдастырды. Балалар мерекеге арнап жарқын әрі мазмұнды қабырға плакатын дайындады. Өз суреттерінде олар бақытты балалық шақты, достықты, бейбіт өмірді, мейірімділік пен асқақ армандарын бейнеледі. Шығармашылық жұмыс барысында тәрбиеленушілер қиялдарын дамытып, өнерге деген қызығушылықтарын көрсетті. Мұндай іс-шаралар балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, көтеріңкі
«Бәйшешек» тобының тәрбиеленушілерімен психологиялық дамыту сабағы
04
маусым
2026
«Бәйшешек» тобының тәрбиеленушілерімен психологиялық дамыту сабағы
Мектеп жанындағы жазғы лагерьде қызықты әрі танымдық іс-шаралар жалғасуда! Бүгін мектеп психологы Жұмаева Л.А. «Бәйшешек» тобының тәрбиеленушілерімен психологиялық дамыту сабағын өткізді. Сабақ барысында балалардың ойлау қабілетін дамытуға және қиялын ұштауға бағытталған түрлі жаттығулар ұйымдастырылды. Қызықты тапсырмалар арқылы оқушылар өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, логикалық ойлау дағдыларын жетілдірді. Мұндай жұмыстар балалардың танымдық белсенділігін арттырып, өз ойын еркін
Хайуанаттар бағына саяхат
02
маусым
2026
Хайуанаттар бағына саяхат
Эко-каникул жалғасуда! Бүгін №44 мектеп-гимназиясының «Жасыл ел» экологиялық жасағы хайуанаттар бағына саяхат жасап, табиғат әлемімен жақынырақ танысты. Оқушылар жануарлардың тіршілігі, олардың мекен ету ортасы мен ерекшеліктері туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Экскурсия барысында балалар табиғатты қорғаудың маңызын түсініп, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімдерін нығайтты. Мұндай танымдық шаралар оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін
Біздің мақтаныштарымыз!
02
маусым
2026
Біздің мақтаныштарымыз!
№44 мектеп-гимназиясының оқушылары Сяткин Игорь 1 «Е» сынып және Чумакин Радмир 3 «Е» сынып Ашық қалалық «Karate Spring Cup» турнирінде киокушинкай каратэнің «кумитэ» бөлімі бойынша 🥇 1 орын иеленді! Жас спортшыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз 👏🔥 Ученики школы-гимназии №44 Сяткин Игорь (1 «Е» класс) и Чумакин Радмир (3 «Е» класс) заняли 🥇 1 места в Открытом городском турнире «Karate Spring