«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылуы
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде №44 мектеп-гимназиясының «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылуы өтті! Лагерьдің алғашқы күні балаларға көтеріңкі көңіл-күй, шаттық пен жарқын әсер сыйлады. Балалар мерекелік бағдарламаға қатысып, ойын ойнап, би билеп, бір-бірімен танысып, уақыттарын көңілді өткізді. Алда лагерь қатысушыларын қызықты іс-шаралар, шығармашылық шеберлік сағаттары, спорттық жарыстар, экскурсиялар және көптеген ұмытылмас әсерлер күтіп тұр.