Материалы за Июнь 2026 года » Страница 2 » Школа-гимназия 44
Алматы қаласы Управления образованияның
«Школа-гимназия №44»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Бухгалтерия
+7 (727) 248-01-77
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Июнь 2026 года » Страница 2
«Достық шеңбері» – «Мен жайлы 1 факт» ойыны
08
июнь
2026
«Достық шеңбері» – «Мен жайлы 1 факт» ойыны
«Достық шеңбері» – «Мен жайлы 1 факт» ойыны «Балдәурен» мектеп жанындағы лагерінде балалардың бір-бірімен жақынырақ танысуына және достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған қызықты ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында қатысушылар шеңберге тұрып, өздері туралы бір қызықты фактпен бөлісті. Балалар бір-бірін мұқият тыңдап, жаңа қырларынан таныды. Бұл ойын ашық қарым-қатынас орнатуға, өзара сенімді арттыруға және жылы достық атмосфера қалыптастыруға ықпал етті. Әр бала – ерекше тұлға, ал достық –
«Балдәурен» мектеп лагерінде ерекше көңілді күн
08
июнь
2026
«Балдәурен» мектеп лагерінде ерекше көңілді күн
Бүгін «Балдәурен» мектеп жанындағы лагерінде ерекше көңілді күн өтті! Балалар арнайы шақырылған сиқыршының қызықты өнерін тамашалады. Түрлі таңғажайып фокустар мен сиқырлы қойылымдар бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-кдомсыйлап, таңданысқа толы әсер қалдырды. Оқушылар сиқыр әлеміне саяхат жасап, белсенді қатысып, ерекше сәттердің куәсі болды. Күлкі мен қуанышқа толы бұл кездесу балалардың жазғы демалысын одан әрі қызықты ете түсті. Балалардың шат күлкісі мен жарқын эмоциялары – іс-шарамыздың басты
«Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында танымдық іс-шара
08
июнь
2026
«Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында танымдық іс-шара
«Балдәурен» мектеп жанындағы лагерінде «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында танымдық іс-шара өтті. Іс-шара барысында балалар тақырыпқа арналған фильм көріп, кейін тәрбие сағатына қатысты. Әңгімелесу кезінде оқушылар әкенің отбасындағы орны, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, қамқорлығы мен қолдауы туралы өз ойларын ортаға салды. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың отбасылық құндылықтарды қадірлеуіне, ата-аналарға деген құрмет пен сыйластық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Отбасы –
Қауіпсіздік ережелеріне арналған түсіндіру жұмыстары мен әңгімелер
05
июнь
2026
Қауіпсіздік ережелеріне арналған түсіндіру жұмыстары мен әңгімелер
№44 мектеп-гимназиясының «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде балалардың қауіпсіздігі әрдайым басты назарда. Лагерьде қызықты ойындар, спорттық және танымдық іс-шаралармен қатар, тәрбиеленушілермен қауіпсіздік ережелеріне арналған түсіндіру жұмыстары мен әңгімелер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бүгін тәрбиешілер балаларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын еске салып, жол қозғалысы ережелерін қайталады. Оқушылар жолдан дұрыс өту, көшеде өзін ұстау мәдениеті, қоғамдық
Балаларды қорғау күніне орай шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды
05
июнь
2026
Балаларды қорғау күніне орай шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды
№44 мектеп-гимназиясының «Балдәурен» жазғы лагерінде «Бәйтерек» тобы Балаларды қорғау күніне орай шығармашылық жұмыс ұйымдастырды. Балалар мерекеге арнап жарқын әрі мазмұнды қабырға плакатын дайындады. Өз суреттерінде олар бақытты балалық шақты, достықты, бейбіт өмірді, мейірімділік пен асқақ армандарын бейнеледі. Шығармашылық жұмыс барысында тәрбиеленушілер қиялдарын дамытып, өнерге деген қызығушылықтарын көрсетті. Мұндай іс-шаралар балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, көтеріңкі
«Бәйшешек» тобының тәрбиеленушілерімен психологиялық дамыту сабағы
04
июнь
2026
«Бәйшешек» тобының тәрбиеленушілерімен психологиялық дамыту сабағы
Мектеп жанындағы жазғы лагерьде қызықты әрі танымдық іс-шаралар жалғасуда! Бүгін мектеп психологы Жұмаева Л.А. «Бәйшешек» тобының тәрбиеленушілерімен психологиялық дамыту сабағын өткізді. Сабақ барысында балалардың ойлау қабілетін дамытуға және қиялын ұштауға бағытталған түрлі жаттығулар ұйымдастырылды. Қызықты тапсырмалар арқылы оқушылар өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, логикалық ойлау дағдыларын жетілдірді. Мұндай жұмыстар балалардың танымдық белсенділігін арттырып, өз ойын еркін
Хайуанаттар бағына саяхат
02
июнь
2026
Хайуанаттар бағына саяхат
Эко-каникул жалғасуда! Бүгін №44 мектеп-гимназиясының «Жасыл ел» экологиялық жасағы хайуанаттар бағына саяхат жасап, табиғат әлемімен жақынырақ танысты. Оқушылар жануарлардың тіршілігі, олардың мекен ету ортасы мен ерекшеліктері туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Экскурсия барысында балалар табиғатты қорғаудың маңызын түсініп, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімдерін нығайтты. Мұндай танымдық шаралар оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін