Информация » Школа-гимназия 44
Алматы қаласы Управления образованияның
«Школа-гимназия №44»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Бухгалтерия
+7 (727) 248-01-77
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
22
ноябрь
2019

Информация

Партияны қайта жаңғырту аясында «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы аудандардағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын күшейтуді тапсырды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төралығымен өткен кезекті аппараттық кеңеске қатысушылар партияның аудандық филиалдары төрағаларының қызметін талқылады.

Отырысқа партия филиалының сайланбалы органдарының басшылары, партия филиалының аппараты, Алматы қалалық әкімдігінің жауапты қызметкерлері және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.

Қатысушылар «Құтты мекен», «Кедергісіз келешек» партиялық жобаларын жүзеге асыру және партияны қайта жаңғырту мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ, аудандық филиалдар төрағаларының, мемлекеттік органдар басшыларының азаматтарды қабылдау тақырыбы талқыланды. «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы Б. Сағынтаев бастауыш партия ұйымдарының басшыларымен және қатардағы партияның азаматтарымен тұрақты түрде кездесулер өткізуді тапсырды. Сонымен қатар, партияның аудандық филиалдарында ақпараттық жұмысты күшейту керектігін айтты.

#NurOtan #Almaty
Информация
Информация
Информация