Тілдік портфель проект аясында өткен семинар » Школа-гимназия 44
Алматы қаласы Управления образованияның
«Школа-гимназия №44»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Бухгалтерия
+7 (727) 248-01-77
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » Тілдік портфель проект аясында өткен семинар
05
январь
2025

Тілдік портфель проект аясында өткен семинар

Тілдік портфель проект аясында өткен семинар өте мазмұнды әрі қызықты болды. Қатысушылар үш топқа бөлініп, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін көрсетті, бұл жобаның негізгі мақсатына толық сәйкес келді.

1. Бірінші топ ұлттық өнерді дәріптеп, ою-өрнек ойып көрсетті. Бұл топ қатысушылардың қолөнерге деген қызығушылығын оятып, қазақ мәдениетінің ерекше қырын таныстырды.
2. Екінші топ қазақтың бала тәрбиесіндегі маңызды дәстүрлердің бірі – бесікке салу рәсімін көрсетті. Бұл көрініс көпшілікке рухани әсер қалдырып, қазақ халқының терең тамырлы салт-дәстүрін таныстырды.
3. Үшінші топ Март көже дайындап, ұлттық тағамның жасалу жолын түсіндірді, оның маңыздылығын атап өтті.
Бұл шаралар қазақ тілін үйретіп қана қоймай, мәдени мұраны насихаттауға да үлкен үлес қосты. Семинар қорытындысында қатысушылар ұлттық құндылықтарды құрметтеуді және оларды өз іс-әрекеттерінде қолдануды үйренгені сөзсіз.