06
февраль
2025
“Шахмат негіздері” пәні 1”Ә” сыныбында
Шахмат әлемнің көптеген елдерінде білім беру үдерісіне әртүрлі формада енгізілген, оның ішінде мектеп пәні ретінде және таңдау курсы ретінде. 2016-2020 жылдар аралығында Қазақстанда шахматты енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл бағдарлама Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептерде “шахмат” пәнін енгізуге мүмкіндік берді. Қазіргі таңда біздің мектепте 1”Ә” сыныбында “Шахмат негіздері” пәні оқытылуда. Шахмат ойнау зейінді шоғырландыру және ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде шахматтың пайдасын атап өткен болатын: “Шахмат - бұл ақыл мен коммуникативтік дағдыларды шыңдауға мүмкіндік беретін бірегей спорт түрі”.
