*Баспасөз релизі* – «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды » Школа-гимназия 44
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » *Баспасөз релизі* – «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды
08
сәуір
2024

*Баспасөз релизі* – «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды

Құрметті алматылықтар!
Ежелден Наурыз жаңару мен жаңғыруды бейнелеген. Бұл - қоршаған орта мен үйлердің айналасын тазартып, ретке келтіретін кезең. Отан сенің үйіңнің табалдырығынан басталады.Ал біз үшін Алматы - ортақ үйіміз. Осынау ару қалада біз өсіп, өндік, ата- аналарымыз осынау киелі мекенде өмір сүруде, балаларымыз саябақтар мен скверлерде асыр салып, серуендеуде.
Бүгіннен бастап, бір ай бойы біз «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын бастаймыз және өткіземіз. Мақсат - біздің сүйікті қаламыз одан да жақсы және әдемі болуы үшін барлық ниеттес тұрғындарды біріктіру. Бұл тек тазалық пен тәртіпке ғана емес, сонымен бірге өзіміз бірге жасаған құндылықтарға ұқыпты қарауға да қатысты.
Үлкен істер кішіден басталады. Ұлы Абай айтқандай, «Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды». Сондықтан игі істерді өзімізден, үйімізден, ауламыздан бастайық. Алматылықтар үнемі өз қаласына ерекше құрметпен қарау арқылы ерекшеленеді. Әрине, мен әркімнің жеке істері бар екенін түсінемін, бірақ қаламыз біреу әрі бәрімізге ортақ.
Менің тапсырмам бойынша барлық қалалық коммуналдық қызметтер, аудан әкімдіктері алдағы науқанға белсенді қатысады. Барлық іс-шаралар қала атынан қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген.
Осы алдағы апталарда ниеттес азаматтардың барлығын біздің ортақ іс-шараларымызға қосылуға, өз аулаларын, көшелерін абаттандыруға және тазартуға, экоакцияларға қатысуға шақырамын. Алматының бизнесі де қаланың дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосатынына сенімдімін.
Құрметті қала тұрғындары!
Мемлекет басшысы Алматы еліміздің ең мәдени және таза қаласы болуы тиіс деп есептейді! Мен сүйікті қаламыздың ең жақсы және әдемі мәртебесін растай алатынымызға бәріміз бірігіп күш- жігерімізді жұмсайтынымызға сенімдімін!