Қарттарымызды аялай білейік! » Школа-гимназия 44
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қарттарымызды аялай білейік!
08
қазан
2024

Қарттарымызды аялай білейік!

Қарттарымызға құрмет көрсету, оларға назарымыз бен көңілімізді  бөлу - бұл тек  біркүндік мейрам кезінде жасалатын  жұмыс емес. Өткен аптада мектеп оқушылары өз әже-аталарын, қарт туыстарын,  ардагер ұстаздарды құттықтаған болатын.   Ал, бүгін олар    Алматы қаласындағы "Шанырақ" атты қарттар үйіне барды.  Мектебіміздің оқушылары  Консерватория студенттерімен бірлесіп,    әр түрлі  өмір жағдайларына байланысты осы орталықта тұратын  қарттарды құттықтады.  Бұл кездесудің жас жеткіншек үшін маңызы зор, тәлімі мен тәрбиесі терең және    жүректерді елжіретіп,  ерекше әсер қалдырды. Балалар электршайнектерді қарттарымызға сыйға тартты.  Бұл сыйлықты олар  маңызды мақсатпен тандады: ыстық шай тұрғындардың бойларын ғана емес, жүректерін де жылытсын деген ниеттері еді.  Қарттарымызды аялай білейік!
Оказывать внимание пожилым людям, заботиться о них нужно не только в день, посвящённый их чествованию. На прошлой неделе ученики нашей школы поздравили своих бабушек и дедушек, пожилых родственников, учителей-ветеранов. А сегодня направились в Дом престарелых" Шанырак", где совместно со студентами консерватории поздравили тех людей, кто в силу сложившихся обстоятельств там проживает.  Встреча с ними получилась очень трогательной, тёплой. Ребята подарили электрочайники, этот подарок они выбирали не просто так, а чтобы горячий чай согревал души постояльцев. Такие посещения зарождают в детских сердцах стремление чутко и бережно относиться к старшему поколению.