1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні Жыл сайын 1 наурыз күні бүкіл әлемде Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аталып өтеді. Осы атаулы күнге орай №44 мектеп-гимназиясында қызметкерлер мен оқушылардың қатысуымен сейсможаттығу және эвакуациялау шарасы өткізілді. Жаттығудың мақсаты – төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, жедел әрі дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Оқушылар мен ұстаздар қауіпсіз аймаққа ұйымдасқан түрде шығарылып, қажетті нұсқаулықтар берілді.