10-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған арт-терапиялық кездесу
Бүгін №44 мектеп-гимназиясында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Пахирдинова М.М. 10-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған арт-терапиялық кездесу ұйымдастырды. Іс-шара барысында ата-аналар қазақ халқының бірлігі мен ынтымағын, отбасы құндылықтарын, жылулық пен берекені бейнелейтін киіз үйді бояу шығармашылық жұмысына қатысты. Сонымен қатар түрлі ойындар мен психологиялық жаттығулар орындалып, қатысушылардың көңіл күйін көтеруге,