13
мамыр
2025
«Әжелер – ұрпақтың жүрегі» атты мерекелік іс-шара мен шеберлік сабағы
13 мамыр күні №44 мектеп-гимназиясында қазақ әдебиетінің алып тұлғасы, ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Әжелер – ұрпақтың жүрегі» атты мерекелік іс-шара мен шеберлік сабағы өткізілді. Іс-шараға мектептің «Әжелер мектебі» белсене атсалысты.
🎯 Мақсаты – ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, әжесінің тәрбиесінде өскен Абайдың өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, ұлттық салт-дәстүр мен рухани мұраны дәріптеу.
🎤 Мерекелік жиынды мектеп директоры Мусагулова С.Б. құттықтау сөзбен ашты. Іс-шараға 3 «Ә» сынып оқушылары мен олардың әжелері, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.
📖 Кеш барысында оқушылар Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқып, терең мағынаға толы шығармаларын насихаттады. Ал әжелер мен ұстаздар ақынның жүрекке жетер әндерін орындап, салтанатты кештің шырайын келтірді.
Шеберлік сабағы бөлімінде әжелеріміз киіз басу, түйе жүн иіру, ою түрлерін атау секілді ұмыт бола бастаған ұлттық өнер түрлерінен сыр шертті. Балалар ұлттық құндылықтармен танысып, өз қолдарымен киіз бұйымдарын жасауға мүмкіндік алды.
✨ Іс-шара барысында оқушылар киіз, жүн өңдеу, ұлттық нақыштар, тұрмыс-салт жөнінде мол ақпарат алды. Жиын жылулық пен мейірімге толы, әсерлі де тәрбиелік мәні зор шара болды.
🙏 Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Абдаманова Ж.Б., Джанадилова К.Е., Азимкулова А.Е., Сарыбаева Р.С., 3 «Ә» сынып жетекшісі Тайыбетова Р.А. және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Абдигалиева Б.Т.-ға зор алғысымызды білдіреміз.