Ұлттық киім кию күні
№44 білім ордамыздың ұстаздары мен оқушылары әр жұма сайын ұлттық нақышта киініп, жас ұрпаққа Отансүйгіштік, ұлтты құрметтеу мен салт-дәстүрді қадірлеу қағидаларын насихаттап келеді. Бұл бастама ұлттық идеологияны қалыптастыру мен ұлттық рухта тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мәдениеттің, оның ішінде ұлттық киімнің маңыздылығын атап өтіп, ұл-қыздарымыздың ұлттық киімдерді тек мерекелерде ғана емес, күнделікті өмірде де киіп жүруі керектігін айтты.