Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 15 ақпан – Ауған соғысы ардагерлерін еске алу күні.
12
ақпан
2026

15 ақпан – Ауған соғысы ардагерлерін еске алу күні.

15 ақпан – Ауған соғысы ардагерлерін еске алу күні.
Бұл – Отан алдындағы әскери борышын шет елде өтеген жауынгерлердің ерлігі мен батырлығын құрметпен еске алатын ерекше күн.
Бүгін мектебімізде ардагерлермен кездесу өтті. Қонақтарымыз – Азнабакиев Таиржан Тохтахунович, Исаев Абдулжан Исакович, Скоробогатов Александр Викторович, Мирсадыков Юлдаш Рахимович.
Кездесуді алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Гузь А.Ю. және «Жас Сарбаз» сыныбының жетекшісі Сулайманова М. ұйымдастырды.
Оқушылар ардагерлерге арнап патриоттық рухтағы шығармашылық нөмірлер дайындап, алғыс сөздерін білдірді. Қонақтар өздерінің әскери қызмет жолындағы естеліктерімен бөлісіп, ерлік, достық және Отанға деген адалдық туралы әсерлі әңгімелер айтты.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, тарихқа құрметті және азаматтық жауапкершілікті қалыптастырады.
Ардагерлерімізге зор денсаулық, амандық және бейбіт өмір тілейміз!
15 февраля — День памяти воинов-интернационалистов.
Это особая дата, когда мы вспоминаем мужество и героизм тех, кто исполнял свой воинский долг за пределами Родины.
Сегодня в нашей школе состоялась встреча с ветеранами – участниками боевых действий: Азнабакиевым Таиржаном Тохтахуновичем, Исаевым Абдулжаном Исаковичем, Скоробогатовым Александром Викторовичем, Мирсадыковым Юлдашом Рахимовичем.
Организаторами встречи выступили учитель НВ и ТП Гузь А.Ю. и классный руководитель класса «Жас Сарбаз» Сулайманова М.Р.
Учащиеся подготовили творственные номера, выразили слова благодарности и уважения гостям. Ветераны поделились воспоминаниями о службе, рассказали о воинском братстве, стойкости и любви к Родине.
Такие встречи воспитывают в подрастающем поколении патриотизм, уважение к истории и чувство гражданской ответственности.
Благодарим наших гостей за встречу и желаем им крепкого здоровья, благополучия и мирного неба над головой!