Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7 (727) 248-01-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл дамыту»шығармашылық тобының ұйымдастыруымен «Қазақшаңыз қалай?» тақырыбы аясында жылдық қорытынды іс-шара өтті.
20
мамыр
2025

«Тіл дамыту»шығармашылық тобының ұйымдастыруымен «Қазақшаңыз қалай?» тақырыбы аясында жылдық қорытынды іс-шара өтті.

Мамыр айының жиырмасында,№44 мектеп-гимназиямызда «Тіл дамыту»шығармашылық тобының ұйымдастыруымен «Қазақшаңыз қалай?» тақырыбы аясында жылдық қорытынды іс-шара өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту, сауатты сөйлеуге баулу және мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру. Шара барысында оқушылар түрлі грамматикалық тапсырмалар орындап, сөйлеу мәдениетін танытты. Ойын түрінде өткен сұрақ-жауап сайыстары, тілдік викториналар, интелектуалдық ойындар оқушылардың белсенді қатысуымен қызықты әрі тартымды өтті. Сонымен қатар, «Қазақ тілін дамыту» шығармашылық тобы жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылады.Бұл жобаға өзге ұлт өкілдері  ерекше ынтамен атсалысып, мемлекеттік тілді меңгеруге деген ниеттерін көрсетті. Жылдық қорытынды іс-шара оқушылардың білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 

20 мая в нашей школе-гимназии №44 в рамках темы «Как вы говорите по казахский?» прошёл итоговый годовой мероприятие, организованное творческой группой «Развитие казахского языка». Основная цель данного мероприятия — повысить интерес учащихся к казахскому языку, обогатить их словарный запас, привить навыки грамотной речи и укрепить статус государственного языка.
В ходе мероприятия учащиеся выполняли различные грамматические задания, демонстрировали культуру речи. В форме игры прошли викторины, интеллектуальные конкурсы и соревнования в формате вопрос-ответ, в которых ученики активно и с интересом принимали участие. Кроме того, творческая группа «Развитие казахского языка» подвела итоги своей работы за год. В данном проекте представители других национальностей приняли активное участие и продемонстрировали стремление к овладению государственным языком.
Итоговое мероприятие не только углубило знания учащихся, но и усилило их уважение к национальным ценностям. Такие воспитательные мероприятия будут продолжены и в будущем.